$ 448.89  477.93  4.76

«Алтын адам» Қазақстанның барлық қалаларын аралайды

Қазақ тарихындағы ең құнды жәдігерлердің бірі саналатын «Алтын адам» Қазақстанның барлық қалаларын араламақ. Айтулы шараны ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр.

«Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур Орал қаласында болып үлгерді. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары осылайша тек музей төрінде сақталып келген жәдігерді өз көздерімен көріп, тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, мәдени тур барысында батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тамашалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Астаналық музейде болмаған жандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» презентациялық видеоролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты.

Тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныстырылмақ. Көрмені тамашалау тегін! Көрме әрі қарай 1,2,3 шілде күндері Ақтөбе қаласында жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары