Атырау облысының бас санитар дәрігері қаулысына сәйкес, өңірдегі мектеп оқушылары мен студенттерінің бір бөлігі 1 ақпаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына көшеді.
Бас санитардың қаулысы:
- 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған кезде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілсін;
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;
- бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының І курс студенттерін штаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін;
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қаулы 2021 жылғы 1 ақпан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.