13.02.2023, 18:20

Отандық ғылымға үлес қосып жүрген жас өнертапқыштар

Фото: Elorda Aqparat

Қостанайлық оқушылар ойлап тапқан бұл құрал кез-келген сұрағыңызға дәлме-дәл жауабын беріп, шешу жолдарын табуға көмектеседі.

Қазір техника мен технология заманында жаңалық ашып, елді таңқалдыру мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Алайда, оларды ойлап тапқан кімдер? Тіпті, роботтар мен жасанды интеллект жан-жақты дамып жатқанымен, оларды ойлап тапқандардың өзі адам баласы емес пе? Ой - шексіз әлем. Тарихқа үңілсек өнертапқыштар 5 жасар баладан бастап 90-нан асқан қариялардың өзі түрлі салада жаңашылдық әкеліп, әлемді жақсартуға өздерінің үлестерін қосқан. 

Дамушы ел саналатын еліміз де ғалымдарға кенде емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ғыдым мен білімге бет бұрғандарға барынша мүмкіндік жасау, қолдау көрсету тапсырылып келеді. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы мектеп жасындағы балалардың түрлі салада көрсетіп жүрген жетістіктері мен жаңалықтарын жинақтады.

Қазақтілді дыбыстық көмекші

Қостанайлық оқушылар ойлап тапқан бұл құрал кез-келген сұрағыңызға дәлме-дәл жауабын беріп, шешу жолдарын табуға көмектеседі. Құрылғының аты – Ева, оны ойлап табуға үш ай уақыт кеткен. Көмекші құрал қазақ тілінді қойылған сұрақтарды түсініп, сұрақтарыңызға жауап береді, осылайша адамның тұрмысын жеңілдетеді дейді авторлары. 

Бұл құрылғыны расымен өзіңіздің көмекшіңіз деп ойласаңыз болады. Оның ауа райын айтуға, берілген есептің шешімін табуға мүмкінідігі бар. Ең бастысы интернетсіз де қолдануға болады, қашықтан басқару да ойластырылған. 

Құралды ойлап тапқан өнертапқыштар өз туындыларын тұрмыста қолданылуын кеңейтуді ойлайды.

Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша

Елімізде зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып тұрғаны шындық. Зорлық-зомбылық құрбаны болудың алдын алып, көмек шақыруды жеңілдететін құрылғы қажет екенін көрсеткен болар. Haileybury мектебінің оқушылары зорлық-зомбылық құрбандары үшін Tozbe арнайы мобильді қосымшасын ойлап тапқан. Құрылғы үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Оны пайдалану үшін, өзіңіз туралы ақпаратты толтырып, телефон нөміріңізді тіркейсіз. 

«Адамға қандай да бір қауіп төнсе, пайдаланушының мекен-жайы  SMS түрінде жіберіледі. Сондай-ақ, оқиға орнында не болып жатқаны дыбыстық жазба болып сақталады», – дейді әзірлеушілер.

Бұл кітап оқуға арналған қосымшаға ұқсас, ашсаңыз экранның бұрышында жасырын батырма бар, соны бассаңызбірден Tozbe қосымшасына өтесіз.