$ 448.15  483.46  4.86

Отандық ғылымға үлес қосып жүрген жас өнертапқыштар II

Шымкенттік оқуышылардың бұл жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының  Даму бағдарламасындағы жарыста жоғары бағаланған.

Фото: Elorda Aqparat
Фото: Elorda Aqparat

«Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған» - деген болатын мемлекет басшысы.

Қуантарлығы, еліміздің болашағын қалыптастыратын өскелең ұрпақтың дамуы үшін жасалып жатқан жағдайлар өзінің нәтижесін көрсетеде бастады. Қазір еліміздің түпкір-түпкірінен өнерпаз атанып жүрген оқушыларымызбен мақтана алатын күнге де жеттік. 

Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы мектеп жасындағы балалардың түрлі салада көрсетіп жүрген жетістіктері мен жаңалықтардың жалғасын ұсынады.

Тамақ қалдықтарынан тыңайтқыш өндіру

Шымкент Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мейрамханалар мен дәмханалардан шыққан тамақ қалдықтарын қайта өңдеп, олардан тыңайтқыш жасауды қолға алған. Ал қаладағы кәсіпкерлер, жас өнертапқыштарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл қондырғының өзіне сай артықшылықтары бар:  бағасы қолжетімді және көп электр қуатын талап етпейді.

Қондырғы 10 келі қоқысты бір жарым сағаттың ішінде тыңайтқышқа айналдырады. Биыл шаһардағы қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдықтар қайта өңделе бастайды. 
Шымкенттік оқуышылардың бұл жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының  Даму бағдарламасындағы  жарыста жоғары бағаланған. 

Көкпарды цифрландыру 

Елордалық оқушы Ибрахим Әмірбек, көкпарды цифрландырып арнайы қосымша мен тіпті сайт ойлап тапқан жас өнертапқыш. Оқушының айтуынша оның атасы көкпар тартқан, ұлттық спорттың тарихын атасынан біліп, қызығушылығы артып, қосымша жасауды қолған.  Ол ойын туралы мәліметтерді жазатын майкрософт аксес пен жабдықтау ойлап тауып жатыр. Көкпар ойыны қашан және кіммен болатыны, қай жылқы ойнайтыны, ойыншы палуандар мен жылқылардың есімдері болады.

Шыны керек, көкпар ойыны туралы ақпарат көп емес, қосатынымыз әлі бар. Осындай жас ұрпақ өткенін ұмытпай, ұлтық құндылықтарымызды насихатауды қолға алып жатса тарихымыз өшпей одан әрі жанданатыны сөзсіз. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарды қолдау, ғылымда жаңалық алып келуге жағдай жасау жұмыстары жылдан жылға күшейте түсетініне сенеміз. Өйткені, ел келешегі жастардың ойшыл азамат болуы, еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары