Қоғам 03.08.2017 сағат 06:31  1698

Алматыда Қытай азаматтарына тәнін сатқан жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Осыдан бірер күн бұрын құқық қорғаушылар Алматыдағы "GC" караоке-клубына рейд жүргізіп, онда жезөкшелер ордасының бар екенін анықтаған болатын. Мекеме тек Қытай азаматтарына ғана қызмет көрсеткен екен. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған 47 жезөкшенің біразы қаладағы ЖОО студенттері болып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицейлер притон ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен үш адамды ұстады. Олардың екеуі осы көңіл көтеру орталығының иелері - ерлі-зайыптылар болса, үшіншісі - оларға көмектескен ер азамат.

Тек шетелдіктерге ғана қызмет көрсететін клубта ең арзан спирттік ішімдік 70 теңгеден басталады. Шетелдіктер қазақ қыздарымен демалу үшін қанша ақша шығындағандары айтылмады. Полицейлер оқиға орнында ұсталған Қытай, Жапония және Корея елдерінің азаматтарының құжаттарын тексергеннен кейін оларды үйлеріне жіберген. Ал, жезөкшелер ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар