Талдықорған қаласындағы Мәңгілік алау монументінің үстіне шығып, ерсі қимылдарымен би билеген екі бойжеткен әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_tdk парақшасында жарияланған. Желі қолданушылары қазіргі жастардың деградацияға ұшырағанын, құндылықтарға ешқандай құрметтің жоқтығын айтып ашынды.
Видеоға пікір жазғандар жергілікті билік өклідерінен, полициядан қыздарды тауып, оларға ірі көлемде айыппұл төлетуді сұрап отыр. Сондай-ақ, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін де жазуда.
Айта кетейік, елімізде осымен екінші жыл «Рухани жаңғыру» жалпықоғамдық бағдарламасы жүзеге асып келе жатыр. Оның мақсаты - қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады.