Қоғам 02.05.2018 сағат 11:48

ШҚО-да екі гей «актив» болуға таласып, бірі екіншісін өлтірді

ШҚО-да гей сүйіктісін төсектегі рөлі үшін тұншықтырып тастады деп жазады NewTimes.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нариман (есімі өзгертілді) мен Назар (есімі өзгертілді) әлеуметтік желі арқылы танысып, бір-біріне суреттерін жіберген. Уақыт өте келе екеуінде де сезім ұшқыны пайда болып, бірге тұруға шешім қабылдайды.

Назар о баста өзінің «актив» (жігіт рөлінде) екенін айтады. Алайда серіктесінің қарсылығына қарамастан Нариман оны төсекте «пассив» болуға мәжбүрлейді.

Бұдан әбден мезі болған Назар бір күні үйіне ішіп келіп, сүйіктісімен сыралату барысында араларындағы төсек проблемасын тағы да қозғайды. Бірақ Нариман өзін «пассив» ретінде ұстай алмайтынын айтып, екеуі жанжалдасады. Нариман Назарды демі үзілгенше тұншықтырып тынады.

Осы іске қатысты Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық монына алған Нариманға сот 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Назардың анасы сотталушыдан моральдік шығын ретінде 1 млн теңге өндіріп алатын болды.

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар