$ 498.34  519.72  4.85

Пайғамбарымыздың көрпесінің қиындысын иіскеген Сәкен Майғазиев сахнадан жылап шығып кетті (ФОТО, ВИДЕО)

Өскеменде кеш өткізген Сәкен Майғазиевке тыңдармандарының бірі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың көрпесінің қиындысы деп шүберек әкеп иіскетті. Эмоцияға берілген әнші көз жасына ерік беріп, сахнадан шығып кетті.

Шығыс өңірінде өткен концерт кезінде тұрғындардың бірі сахнаға шығып: “Қаншама жылдан бері сақтап келген пайғамбарымыздың көрпесінің қиқымын осы бір қасиетті сахнада Рамазан айында бір көрсетіп, алып кетейін деп алып келдім. Өзіңіз ораза ұстап жүр екенсіз”, – деді.

Сәкен Майғазиев тыңдармандарға пайғамбарымызды түсінде көруді армандап жүргенін айтты.

“Иә, сүйікті пайғамбарымыздың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. “Үмметім, үмметім” деп, ұлынан бізді биік қойған пайғамбарымызға (с.ғ.с) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. Алла тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай”, – деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары