$ 494.87  520.65  4.91

Түркияда қазақстандық әйел баласымен бірге суға батып өлмек болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Түркияда қазақстандық әйелдің баласымен бірге суға батып өлмек болған сәтін видеоға түсіріп алған. Видеороликтен әйелдің мас екенін аңғаруға болады.

Оқырманның айтуынша, әйел адам бір апта бойы басқа демалушылардың мазасын алған. Бейнежазбада екі ер адам әйел мен оның баласын судан алып шыққаны байқалады.

«Біз бірге өлеміз! Бәріне түрік кінәлі! Неге ол маған ішімдік құймады?», - деп айғайлап жатты келіншек.

Артынан құрбысы мен ер адам өлмек болған әйелді сабырға шақырып, мәселенің мән-жайын білмек болған. Бірақ та араққа сылқия тойған келіншек қай-қайдағы нәрселерді айта беруді жалғастырды.

«Сендер бізді қумақшысыңдар ғой. Мен осында өлемін!», - дейді өзінің құтқарушыларын қонақ үй қызметкерлері деп ойлап қалған әйел.

Дереккөз: Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары