$ 439.43  473.31  4.82

Қостанай облысында 25 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Қостанай облысында 25 жастағы Салтанат Кукенованы полицейлер 1 аптадан бері іздеп жатыр, деп жазады alau.kz.

20 қаңтар күні үйінен шығып кеткен Салтанаттан отбасы әлі күнге хабар ала алмай отыр. 

Бойжеткеннің бойы – 170-175, шашы – сарғыш. 

Сол күні ол капюшоны бар сұр куртка киген. 

Қандай да бір ақпарат білетіндерге туыстары мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрап отыр: 8-702-492-99-92, 8-747-655-21-63, 52-68-61, 52-68-50 немесе 102.

Айта кетейік, дәл осы күні жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт жайлы бұған дейін жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары