Қоғам 14.02.2019 сағат 04:42  190

Астана әкімдігі көп балалы аналарды қабылдау шарасын өткізбейтін болды

«Астана»  концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы өтпейді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі көп балалы аналарды қабылдау шарасын өткізбейтін болды

Бұл шараның орнына әр тұрғын мен көп балалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын «ашық есік» апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады. Апталық 13-22 ақпан аралығында өтеді.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы «ашық есік апталығын» өткізуді ұйғарған екен. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтеді. 

«Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, талдаудан өтті. Қазір осы өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР үкіметінің жанындағы азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру шараларын күшейтумен айналысатын жұмыс тобының қарауында. Тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға қатысты мәселелер турады мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі ай ішінде қолға алынады», - деп хабарлайды әкімдік. 

Осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен аудан әкімдіктері 7 ақпаннан бастап көп балалы аналар мен қала тұрғындарын қабылдап жатыр. Әкімдіктің сендіруінше, әр мәселе егжей-тегжей қаралып, оларды шешу жолдары жедел түрде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар