$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысы: қоғамдық қабылдау «Алға» базарында жалғасты

Алдағы 5 жылда облыста 175 мың жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде 140,3 мың адам тұрақты қызметке орналасады. Орташа жалақы көлемі 268,3 мың теңгеден 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылмақ.
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Бүгін «AMANAT» партиясының Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сұлтан Нұрдәулетов, Даулет Жараспаев, Бағдәулет Устенов және Қонаев қалалық мәслихатына үміткерлер Сәуле Нұрсолтанова, Жандарбек Мусин «Алға» базарында халықтан ұсыныс-тілектер жинау мақсатында қабылдау өткізді.

Қала тұрғындарымен кездесу барысында сайлауалды бағдарламаны жіті түсіндіріп, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасымен толық таныстырып өтіп, тілдесіп, олардың мұң-мұқтажын, толғандырған мәселелерін тыңдап, ұсыныс-тілектерін жинақтады.

Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді. Әрбір адамға тең мүмкіндіктер қарастырып отырғаны жайында айтылды.

«Құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді. Әрбір адамға тең мүмкіндіктер қарастырып отыр. Бағдарламаны іске асыру барысында қоғамда жұмыссыздық деңгейі төмендетіледі. Жастарды қолдауға, туризм, ауыл шаруашылығы, білім беру және медицина жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымға инвестициялау және қолайлы экологиялық орта құруға күш салынады. Мәселен, алдағы 5 жылда облыста 175 мың жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде 140,3 мың адам тұрақты қызметке орналасады. Орташа жалақы көлемі 268,3 мың теңгеден 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылмақ», − Даулет Жараспаев.

Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғындар медицина, жалақыны көтеру, оның ішінде кіші қызметкерлердің жалақысын көтеру және несиені төлей алмаған адамдар үшін банкроттық жариялау жөніндегі мәселелер көтерілген болатын.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау