$ 494.87  520.65  4.91

«AMANAT»: Алматы облысында 25 спорт нысаны салынады

Оның ішінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және күрес залдары, стадиондар бар.
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Өңірде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 35,4 пайыз.

70-ден астам елдімекенде спорттық нысандар мен секциялар, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру клубтары жоқ. Спорттық инфрақұрылымның болмауы тұрғындардың денсаулығын нығайту және бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігін жояды.

Сондықтан, «AMANAT» партиясы спорт саласын дамыту бастамаларын сайлауалды бағдарламада топтастырып, мәселелердің шешілу жолын айқындады. Бастамалар Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуат Байғоджаев тұрғындармен жүздесуінде айтылды. Спорт мектебі ұжымымен кездесуде сайлаудың маңыздылығы түсіндіріліп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары түсіндірілді.

«Біздің міндетіміз – бұл жағдайды өгерту. Алдағы 5 жылда Алматы облысында 25 спорт нысанын салуға көмектесеміз. Оның ішінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және күрес залдары, стадиондар бар. Балаларға спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге, ең алдымен көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан балаларғаа тегін қатысуға мүмкіндік береміз. Барлық мектептерде спорт инфрақұрылымын жақсартамыз» − деді кездесуде Қуат Байғоджаев.

Атқарылар шаралар халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсетккішін 1000 адамға шаққанда 52 пайызға дейән жақсартуға мүмкіндік беретіні айтылды. Мұнымен қоса, кандидат бағдарламаның өзге басымдықтарын атап өтті.

Жиылған қызметкерлердің мұң-мұқтажын тыңдап, өзіне түртіп алды. Өз кезегінде спорт мектебі ұжымы, партияның алдағы ел келешегі үшін атқарылар істеріне сенім білдірді. Сол үшін сайлау күні учаскелерге келіп, дауыс беретіндерін айтты.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау