Алматыдағы "Самал-2" ықшамауданының тұрғындары кезекті ТК құрылысына қарсы. Тұрғындардың сөзінше, балалар алаңы мен уәде етілген саябақтың орнына мұнда 16-17 қабатты әрі 3-4 ғимараттан құралатын жаңа ТК салынбақ. Жоба Алматы қаласының құрылыс кеңесімен мақұлданған, бірақ оған қатысты қоғамдық тыңдалымдар өткізілмеген. ⠀ "Түркия мен Сириядағы қайғылы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындарды онсызда салынған ТК-нің жанынан тағы бір көппәтерлі тұрғын үй кешенінің салынуы алаңдатады. Мен үшін қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызды, өйткені бұл учаске тектоникалық жарылым болған жерде орналасқан. Құрылыс тығыздығы жоғары және ТЖ жағдайында үйлерге өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем күймелері жете алмайды, жер сілкінісі болған жағдайда тұрғындар жиналатын алаң болмайды", - Әсет Матаев әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
Бүгінгі таңда аталған шағын учаскеде құрылыс нормалары мен ережелері бұзылған. Бұрын 22 қабатты кешен салынды, оның пайда болуы коммуникация, сумен қамтамасыз ету, жылыту мәселелерін тудырды. ⠀ Жергілікті тұрғындар билікке, құрылыс компанияларына немесе тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына жаңа тұрғын үй беру туралы реновация бағдарламасына қарсы емес. Қала тұрғындары учаскеде құрылыс қалай жүретінін түсіндіруді сұрайды және қауіпсіздік нормаларын бұзбауды талап етеді. Ескі және апатты тұрғын үйлердің тұрғындарын жаңа үйге көшіру керек, бірақ реновация бағдарламасы қауіпсіздік нормаларына зиян келтірмеуі қажет. ⠀ "Қала тұрғындары қауіпсіздікті, жайлылықты, тұрғындардың құқықтарын құптайды. Жергілікті билікке айтарым: құрылыс нормаларын бұзбаңыз және халықпен диалог құрыңыз! "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңға сәйкес әкімдік жеке меншік жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін нарықтық құны бойынша сатып алуға құқылы. Тұрғын үй кешенінің әлеуетті құрылысы қаланың барлық тұрғындарының мүдделеріне әсер етеді. Себебі Әл - Фараби және Достық даңғылдарының, магистральдық көшелерінің бойында көліктік коллапс туғызады. Желдің өтуіне кедергі келтіріп, қала экологиясын одан әрі нашарлатады", - деді Әсет Матаев жазбасында. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әсет Матаев Әл-Фараби даңғылындағы Академқалашық тұрғындарымен кездесті. Жергілікті тұрғындармен мұнда тағы бір көпқабатты тұрғын үй құрылысының қаупі талқыланды. ⠀ Әңгіме 20-313-010-067, 20-313-010-027 кадастрлық нөмірлері бар учаскелер туралы. Оның сөзінше, тұрғын үй кешенінің құрылысына тыйым салу керек, өйткені бұл учаске тектоникалық жарылым болған жерде орналасқан (мұнда тау өзенінің арнасы болған). Сонымен қатар ауданның әлеуметтік нысандары толып қалған, коммуналдық желілер тұрғын үй кешенінің көптігіне байланысты тіреліп қалған.