Қырғызстанның Үч-Коргон су электр станциясынан Қазақстанға су беріле бастады, деп хабарлайды «Азаттық».
Қырғызстандық «Электр станциялар» кәсіпорнының мәліметінше, 1 тамыздан бастап аталған СЭС-тің су қоймасынан Қазақстанға секундына 350 текше метр су беріліп жатыр. Қырғызстан жағы суды өткен айда Чолпон-Ата қаласында Қазақстан үкіметімен жасалған келісім бойынша босатып жатқанын хабарлады. Келісім бойынша, Қазақстан жағы судың орнына Қырғызстанға күз-қыс мезгілінде 500 миллионнан 1 миллиард киловаттқа дейін электр қуатын бермек.
Қырғызстан үкіметі биыл су тапшылығына байланысты Қазақстаннан күз және қыс мезгілдерінде 1 миллиард киловатқа дейін электр қуатын беру жағын қарастыруды сұрап, Қазақстан жағы 500 миллон киловатт электр қуатын беруге келіскен.