14.03.2023, 09:00

«AMANAT»: Халық сұранысына – сапалы жауап

Фото AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұраныстарына орай партия атқаратын 10 міндет айқындалған.

Атыраулық кандидаттар Ақылбек Мырзағалиев, Фатима Тулеева, Надежда Тулина, Азамат Асылбеков «Центр кредит» банк ұжымымен кездесуде AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтары, олардан күтілетін нәтижелер, басымдық берілген бағыттар туралы кеңінен айтты.

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұраныстарына орай партия атқаратын 10 міндет айқындалған. Олардың ортақ, түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту. Яғни, әлеуметтік қолдау түрлерінен бастап, ауылды дамыту, жастарды демеу, экологияны жақсарту, су, жарық, жол, интернет желісі секілді игіліктерді баршаға қолжетімді ету – нақты нәтиже.

Бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға кім жауапты, қанша қаражат қажет, ақша қайдан бөлінеді, іс-шаралардың жүзеге асырылу мерзімі қандай деген сауалдарға толыққанды жауап ұсынылған. Яғни, халықтың сұраныстарын сапалы, уақытылы қанағаттандыру мақсатындағы кешенді жұмыстарды айқындап отырған маңызды құжат. Бұл бағдарламаның облыстық, қалалық, аудандық деңгейде жасақталғаны да – әр аймақтың күрмеулі мәселелерін нақты шешу үшін әсер ететін негізгі тетік.  

Еңбек ұжымымен кездесу барысында осындай маңызды мәселелерді қозғаған кандидаттар AMANAT партиясының алдағы уақытта да бүгінгі жиында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарды аяқсыз қалдырмайтынын атап, ұсыныс, өтініштерді арнайы жәшікке жинақтады.

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Тегтер: сайлау