$ 498.34  519.72  4.85

Асхат Аймағамбетов депутат болды: AMANAT партиясы атынан Мәжіліске өткендердің тізімі шықты

35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.

«2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті. Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді», - деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.

Сонымен «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі мынандай:

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі;

Абден Қарақат Жақсылыққызы – партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес);

Баққожаев Анас Ахатұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары;

Саурықов Ерболат Байұзақұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті;

Арсютин Николай Геннадьевич – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;

Зейнуллин Аян Талғатұлы – партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес);

Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы – партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес).

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті қорытынды бойынша, «Ауыл» партиясына Мәжіліс мінберінен 8 мандат берілген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары