$ 498.34  519.72  4.85

Абай Құнанбайұлының ұрпағы Алматыда аула сыпырып жүр

Еңбекақысы - 150 мың теңге. Осыны естігенде жанымыз жүдеп, көңіліміз алай-дүлей болып кетті.
Фото: @facebook-Жанарбек Әшімжан
Фото: @facebook-Жанарбек Әшімжан

Абай Құнанбайұлының бесінші ұрпағы Алматыда аула сыпырушы болып жүр. Бұл туралы ақын Жанарбек Әшімжан өзінің фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жанарбек Әшімжан Айдос Ақылбаевпен суретке түсіп, қайда және не істеп жүргеніне тоқталған.

Қазақшаға шорқақтау екен. Асылдың сынығы, алтынның ұнтағы емес пе, болмысынан тектілік, зиялылық, ақсүйектік аңқып тұр. Көзінің оты бар. Ұлы бабасына келбеті де келетіндей. Бойын жаман әдеттерден мүлде аулақ ұстайтынын айтты. Алматының "Арбатындағы" мәлім мейрамханалардың бірінде аула сыпырушы болып жұмыс істейді екен. Еңбекақысы - 150 мың теңге. Осыны естігенде жанымыз жүдеп, көңіліміз алай-дүлей болып кетті, - деп жазған.

Оған қоса, Айдос Ақылбаевтың 1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келгенін, жалғыз қызы - Александра осы күндері Саратов қаласында тұратынына тоқталған.

Шежіре бойынша: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфұр – Эрнест – Айдос. Яғни, Айдос ағамыз - Абай атамыздың неменесі болады.Һакім Абайдың сақталып қалған бейнесінің бірі - Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай және Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұлмен түскен тарихи фотосы. Сол Ақылбай Абайұлы - Айдостың тікелей атасы, фамилиясы да - Ақылбаев. Ақылбай - Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өскен. Ұлы Абайдың соңғы тұяғы ғой. Данияр деген немере бауыры барын айтты, көп жылдардан бері байланыстары жоқ секілді. Еркек атаулыдан қалған осы екеуі ғана екен. Адамзаттың ойшылы атанған ұлы бабамыздың ұрпағы осындай әлеуметтік тауқыметте жүргені ұлттығымызға, елдігімізге сын емес пе?! Ойланайық, - деп жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары