$ 482.86  533.17  5.08

Биыл 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланады

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел.
фото: ulysmedia.kz
фото: ulysmedia.kz

Бұл туралы Парламенттің алғашқы сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз”, – деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел.

“Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ, мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын. Алған бетімізден қайтуға болмайды. Керісінше, заң үстемдігі, халық бірлігі, әлеуметтік әділдік және ішкі саяси тұрақтылық секілді іргелі құндылықтарға баса мән бере отырып, реформалар жолымен алға қарай нық қадам басуымыз керек”, – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша партияларға мандаттар үлестіріліп, Мәжілістің жаңа құрамы толық жасақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары