$ 444.14  477.05  4.85

«Шекарамыз «проходной двор» болып кетті» - заңгер

Елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұр! Тіпті, қорқынышты!
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Шекарамыз “ПРОХОДНОЙ ДВОР” екенінің дағы бір ДӘЛЕЛІ!

Кез-келген «бомж» еркін кіріп, тал түсте қару дүкенін тонап, халқына оқ атқыза салады! Оны ұстаған жігітті “Халық батыры” қылып көрсетіп, онша-мұнша емес, оған “Айбын” орденін таға салады! Міне, сонымен “спектакль” бітті! Шымкенттегі Полицияның нақ “сыйқы” мен риясыз “шеберлігі” деген осы! 

Ал үстінен сот жүріп жатқан Генерал Күдебаев беймарал, еш кедердігісіз шекара асып қашып кете салады. Сосын, оған “Халықаралық іздеу салдық”, деп жайына жібере салады. Болды, сонымен “ертегі” де, “кино” да бітті!

Бәрінен бұрын, дәл осы бассыздықтар мен заңсыздықтарға жол берген бірде-бір форма киген жауаптылар, тіпті олардың бастықтары да жауапкершілікке тартылмайды, оларға шара да көрілмейді ғой, шіркін..! Керісінше, кеуделеріне орден тағып, медальға көміп, құрметке бөлейді!
Ащы болса да, бұл - ШЫНДЫҚ! Елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұр! Тіпті, қорқынышты!

Халқым-ау, осыдан кейін, ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН бар дегенге қалай сенеміз?

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан     
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары