$ 494.87  520.65  4.91

Алтай Көлгінов вице-премьер қызметін сақтап қалды

Ал, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.
Фото: altay_kulginov_official инстаграм парақшасынан
Фото: altay_kulginov_official инстаграм парақшасынан

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Сонымен қатар, Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымын, Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметін сақтап қалды. 

Ал, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары