$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде тағы екі партия пайда болуы мүмкін

«Әділет министрлігінің қарауында екі саяси партия бар – «Ел тағдыры» және «Қазақстан Халық Конгресі».
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде жаңа екі партия пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әділет министрлігінің қарауында екі саяси партия бар – «Ел тағдыры» және «Қазақстан Халық Конгресі». Саяси партияларды тіркеу тәртібі «Саяси партиялар туралы» заңда көзделген.

«Саяси партиялар туралы» заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылған тізімдердің дұрыстығын тексеру функциясы жүктелген», - деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомстводан құрылтай құжаттары мен саяси партия мүшелері тізімдерінің «Саяси партиялар туралы» заңның 8-10 бабының 6-тармағы талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Айта кетсек, бүгінде елімізде «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Respublica» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары