$ 490.84  536.88  5.04

Бас прокуратура Күдебаевтың Стамбұлға ұшып кеткенін хабарлады

Ең бірінші Серік Күдебаев Қырғызстанға кетті деген мәлімет бар.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтың Стамбұлға ұшып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«(Күдебаев бойынша) істің маңызын ескеріп, Бас прокуратура оны өзінің өндірісіне қабылдап қалды. Бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына барлық құқық қорғау органының ең мықты, тәжірибелі тергеушілер мен жедел уәкілдері қосылды. Ең бірінші Серік Күдебаев Қырғызстанға кетті деген мәлімет бар. Сондықтан, кеше біз Қырғыз Республикасына сауал жолдадық. Сауалға жауап алдық. Тергеу тобындағы біздің қызметкерлер Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Қырғызстан территориясында тергеу жүргізуге мүмкіндік алдық. Тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз», - деді Жандос Өмірәліиев.

Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Стамбұлға ұшып кетті деген мәлімет бар.

«Сауалға жауап алдық. Тергеу тобындағы біздің қызметкерлер Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Қырғызстан территориясында тергеу жүргізуге мүмкіндік алдық. Тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз. Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Cтамбұлға ұшып кетті деген мәлімет бар», - деп түсіндірді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Қырғыз тарапы да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша (қылмыстық) істі тергеуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары