$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент әкімі Ғ.Әбдірахымов жақын уақытта қызметінен кетпейді

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетпейді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бірнеше ақпарат құралында жарияланған мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше отандық БАҚ-та Әбдірахымовтың қызметтен кетуі мүмкін екені жазылған болатын.

"Ғабидолла Әбдірахымов қызметін жалғастырып жатыр. Ол 12 күн еңбек демалысында болды, жақында ғана жұмысқа кірісті. Бүгін қала басшысы облыс көлемінде өткізілген іс-шараға қатысты. Қалалық жедел жәрдем станциясына 30 жаңа арнайы көлік берілді", - деді қалалық әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, облыстық әкімдіктегілер де осыған байланысты пікір білдірді. Облыс әкімдігіндегілер бұл хабарды жалған деп атады.

Еске сала кетейік, Әбдірахымов Шымкенттің әкімі қызметіне 2015 жылдың 19 тамызында тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары