$ 447.4  477.55  4.76

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-президенті болып ресми тағайындалды (ВИДЕО)

Вашингтондағы Капитолия алдында АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамптың ант беру рәсімі өтті. Жаңа презиентті ұлықтау рәсімін әлемнің жүздеген телеарнасы тікелей эфирден көрсетуде.

Трамп антты екі бірдей інжіл кітабын ұстап тұрып берді. Алғашқы кітапты оған 1955 жылы анасы сыйласа, екіншісі АҚШ-тың 16-президенті Авраам Линкольнға тиесілі болған. Жалпы, салтанатты шараға 800 мыңнан астам адам қатысты.

Инаугурация аяқталған соң Дональд Трамп сенаторлармен және конгрессмендермен бірге түскі ас ішіп, салтанатты шеруге қатысады. Мұнан кейін әйелі Мелания Трамппен бірге бірнеше қайырымдылық кешіне қонақ болып барады деп күтілуде.

Айта кету керек, АҚШ-та Дональд Трамптың президент болуына қарсы топтар жыл басынан бері елдің әр қаласында наразылық акцияларын өткізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары