Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікпен ұсталды. "Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз", - деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.