$ 494.87  520.65  4.91

«Еуроодақ Қазақстан компанияларына санкция салмақ» – шетелдік БАҚ

Қытай, Иран, Қазақстан және Өзбекстанның ондаған компаниясы қара тізімге енуі мүмкін.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Reuters пен Bloomberg агенттіктері бірінен кейін бірі ЕО Қазақстан компанияларына санкция салғалы жатыр деп мәлімдеді.

«ЕО антиресейлік санкцияларының 11-ші пакетін әзірлеп жатыр. Ол бұл Мәскеумен ынтымақтасатын шетелдік компанияларға әсер етіп, Ресеймен сауда жасайтын елдерге экспортты шектеуі мүмкін. Бұл мәліметтермен таныс дипломатиялық ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, Қытай, Иран, Қазақстан және Өзбекстанның ондаған компаниясы қара тізімге енуі мүмкін», – деп жазды Reuters.

Дереккөздің хабарлауынша, жаңа пакет мұнай танкерлеріне ашық теңізде жүк түсіруге немесе GPS трекерлері істен шыққан порттарға келуге тыйым салады, бұл санкцияларды айналып өтіп мұнай саудасының алдын алады.

Еуроодақ елшілерімен болатын келіссөздер тартысты өтеді деп күтілуде.

arasha.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары