17.05.2023, 11:40

Cуреттер сөйлесін: Бала Тоқаевтан дана Тоқаевқа дейін

Қасым-Жомарт Тоқаев - БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған алғашқы қазақ.

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Дегенмен мерейтой саналатын жасқа келген президенттің туған күні атап өтілмейді. Бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған және әкімшілік қызметкерлеріне де құттықтау рұқсат етілмейді деген ерекше деректер бар. Осы орайда Skifnews ақпараттық порталы мемлекет басшысы туралы қызықты мағлұматтар мен президенттің сирек кездесетін фотолары туралы шолу материал жинақтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986). Детектив жанрына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалін алған. Ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен. 

Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі саналған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Үшінші қатар, сол жақтан бесінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

2003 жылы гимназияда жөндеу жұмыстары кезінде XXI ғасырдың комсомолдарына арналған кубок табылды. Онда хатпен бірге сенбілікте сәлемдемені жөнелтушілердің, оның ішінде жас Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті де сақталған.

 (Мектепте өткен олимпиадалардың бірінде)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған.

Ол жарты жылдық диплом алдындағы практикасын Қытайдағы кеңес елшілігінде өткізіп, онда дипломатқа қажетті  дағдыларымен бірге  қытай тілінің қыр-сырын үйренеді.

Президенттің студенттік өмірінен. Фотода Қасым-Жомарт Тоқаев 1-курс студенті, 1970 жыл.

1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын.

Хоббиі – кітап оқу

Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан.   Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды.   Тоқаев отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында «мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», деген болатын. 

(Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл)

Мемлекет басшысы кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. 

"Өзімнің есімім үшін көкеме қарыздармын"

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы толғаныс" атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен. Әкесі Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болды. Бала кезінде екеуі де біраз қиындық көрген. Шымкенттің қорғасын зауытына қарасты жетімдер үйінде тәрбиеленді.

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Кейін Қасым соғысқа аттанып, 1942 жылы қаза болды. Оны Ресейдің Ржевск ауданындағы Трубино ауылында жерледі. Осылайша, інісі Кемел 18 жасында тұл жетім қалып, жалғыз бауырының қазасына қатты қайғырды. Өз баласының атына ағасының есімін қосты. 

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазады Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" атты кітабы © Sputnik / Владислав Воднев

Алғашқы қазақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун. Фото: Іnform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев - БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған алғашқы қазақ. 2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның орынбасары лауазымын атқарды, БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімшесін басқарды, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды. 

10 кітаптың авторы, саяси ғылымдар докторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев - халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы, саяси ғылымдар докторы. "Бұл қалай болды: Бейжіңдегі толқулар шежіресі (04.1989 - 06.1989)" (1993), "Біріккен Ұлттар Ұйымы: әлемге жарты ғасыр қызмет ету" (1995), "Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты" (2000), "Қазақстан Республикасының дипломатиясы" (2001), "Әке туралы сөз" (2005) және тағы басқа кітаптар мен бірнеше мақалалардың авторы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген.