$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда күлгін түсті кірпі табылды

Өңірде бұрын кірпінің мұндай түсі кездеспеген.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Атыраулық ерлі-зайыпты ауладағы бақшасынан күлгін түсті кірпі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Сладковтар ауладағы бақшасынан тауып алған кірпінің фотосын WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіге жүктеді.

Фотодағы кірпінің түсі әдеттегідей емес. Шаһар тұрғындарын кірпінің күлгін түсі қызықтырды.

Атырау қаласы обаға қарсы станциясының эпизоотология және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу зертханасының бұрынғы меңгерушісі Федор Сараевтың айтуынша, өңірде бұрын кірпінің мұндай түсі кездеспеген.

«Жаңа туған кірпінің басындағы тікені ғана ақшыл түсті болады. Бастапқыда кірпінің тікендері өте жұмсақ, жүн тәрізді болатынын байқап жүрміз. Өйткені, бұл – табиғаттың анасына зиян келтірмеу мақсатындағы құбылысы. Кірпінің тікенегі өсе келе сұр түске айналады. Бірақ, менің жұмыс тәжірибемде күлгін түсті кірпі кездескен жоқ еді», -дейді Федор Сараев.

Ерлі-зайыптылар берген суды кішкентай кірпі ішіп алған. Кейін өз жөнімен кетіп қалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудың іргесіндегі елді мекенде жабайы қабандар жүргенін жазған едік.

Жабайы қабандар Атырау қаласына таяу орналасқан Еркінқала-2 елді мекеніне кіріп кеткен.

Ауылдың тұрғындары WhatsApp мессенджерінде көшеде жүрген үш қабанды видеоға түсірген.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Иманғалиевтың айтуынша, жабайы қабандар «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан келуі мүмкін.

Оның айтуына қарағанда, бұл ауылда 1980 жылдары жабайы қабанның, өзге де аңдардың кіргені жиі байқалған.

Алайда, одан кейін мұндай оқиға тіркелмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары