$ 494.87  520.65  4.91

Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Астанаға келмейтін болды

Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазған ол өзінің парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары