21.05.2023, 17:30

Степногорск тұрғыны көршілерінің көзінше итін 5-қабаттан лақтырып жіберген

Фото: видеодан скриншот
Мас адам 5-қабаттан итті лақтырып жіберді. Куәгерлер бар.

Степногорскіде ер адам көршілерінің көзінше итті 5-қабаттан лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала тұрғыны Instagram желісіндегі step_notsleep парақшасында жануарларға қатыгездік көрсеткендердің видеосын жариялады.

"Жануар адаммен тең емес. Бірақ адам да жануарға айналмауы керек. Мас адам 5-қабаттан итті лақтырып жіберді. Куәгерлер бар. Арыз қабылданды. Қорқақ үйден шықпады. Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жердің артына көміп тастады. Олар қан іздерін жасыруға тырысты", - деп жазды әйел.

"Голос народа" порталының мәліметінше, Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді.

"Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.