$ 494.87  520.65  4.91

Мақтааралда қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты

Aуа-райының қолайсыздығынан өрт кең таралып, үлкен қиындықтар туғызды
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданындағы қоқыс полигонының өртеніп жатқаны жайында видео тарады. Соның салдарынан жақын маңдағы ауылдардың ішін көк түтін басып, өңірге жағымсыз иіс тарап кеткен. Әлеуметтік желі арқылы наразылықтарын жеткізген тұрғындар «өртеніп жатқан қоқыстарды өшіруге тырысып жатқан адам жоқ» деп жазды.

«Міне, бүгін 3-ші күн болды қоқыстың түтініне уланып жатырмыз. Ауылдың іші көк түтін» - дейді видео авторы Сүндет Манапбек.

Аталған жағдайға байланысты пікір білдірген Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өрттің 25 мамыр күні сөндірілгендігін жеткізді.

«Жалпы 25-мамыр күні сағат 11:35 шамасында Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабар түскен. 2 өрт сөндіру көлігі, 4 техника және 15 шақты жеке құрам өрт сөндіруге жұмылдырылып, кешкі 21:00 шамасында өшірілді. Негізі ауа-райының қолайсыздығынан (желді болуынан) өрт кең таралып, үлкен қиындықтар туғызды» - делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Өңір тұрғындарының айтуынша бүгінде өрт сөндірілгенмен, түтіні әлі толық басылмаған. Соның салдарынан мақтааралдықтар қоқыс түтіннен құтыла алмай отырғаны жайы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары