02.06.2023, 10:20

Даниал Ахметовтың Шығыс Қазақстан әкімі ретіндегі өкілеттігі аяқталуына 10 күн қалды

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі.

Жақында Даниал Ахметовтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретіндегі өкілеттігі аяқталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімнің өкілеттігі 2022 жылдың 11 маусымында дәл бір жылға ұзартылған болатын. Бұл шешім Ахметовтің "көп жылдық жұмыс тәжірибесімен" түсіндірілді.

Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі. 

Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.

2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.