$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев ұлықтау рәсімінде Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады (видео)

Ердоған мемлекет басшысына ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін алғысын айтқан.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады. Өз кезегінде түрік басшысы да алғысын білдірген. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Режеп Тайип Ердоған мемлекет басшысына ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін алғысын айтқан.

"Түркі елдерінен Қазақстан президентіне ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", - дейді Ердоған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін "Кулие" сарайына келгені хабарланған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары