Астанада Елбасының төрағалық етуімен Үкімет отырысы басталды, деп хабарлайды skifnews.kz
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Ақорда баспасөз қызметінің таратқан хабарламасы бойынша, Үкімет отырысы экономика және әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналмақ.
Отырыста Мемлекет басшысы Үкіметті қайта құрылымдау, біраз министрліктер мен агенттіктерді қысқарту, сондай-ақ, меморгандар міндеттемелерін қайта бөлу мен біраз бөлігін өңірлік атқарушы органдарға беру жөнінде мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
Үкіметтегі бұл өзгерістер осы күзде жүзеге асады деп болжанып отыр.