$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Саясат 07.06.2023 сағат 15:40

Қазақстан әскері Ресей мен Украина шекарасына бара ма: Министр жауап берді

Оның айтуынша, бітімгерлік миссиясы БҰҰ аясында ғана жүргізіледі.
Қазақстан әскері Ресей мен Украина шекарасына бара ма: Министр жауап берді
Фото: altaynews.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен сіздерге Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін: Қазақстанның Қарулы күштері біздің аумағымызда, бітімгершілік мәселелері бойынша ел аумағынан шығу көзделмеген. Біз бітімгерлік миссиясын тек БҰҰ бойынша ғана жүргіземіз. Бірақ ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда бармаймыз. Уайымдамасаңыздар болады, Қазақстан армиясы ҰҚШҰ аясында ешқайда бармайды», –  деді Жақсылықов  Мәжіліс кулуарында журналистерге.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар