$ 498.34  519.72  4.85

12 маусымда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

12 маусымда еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда. 

Бұған дейін Тоқев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шыққан еді.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары