11 маусымда мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты Алматыда соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Мемлекет қайраткерімен қоштасуға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, экс-вице-премьер Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және басқа да көптеген еліміздің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Бердібек Сапарбаевпен қоштасу Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.
Оны соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, әріптестері, белсенділер, жүздеген тұрғын келді.