19.06.2023, 12:40

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн белгіленді

Фото: parlam.kz
Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.