Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәренбідегі үкімет отырысында жекешелендірудің бірінші толқынын сынға алды, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».
— Бірінші жекешелендірудің қалай өткенін білеміз. Қазір берілген мүлікті де, жерді де қайта тартып алуға мәжбүрміз. Өйткені, заңсыз бөлінді. Билік кімнің қолында болды, сол алды немесе өзінің адамдарына берді. Енді мұндай болмауы керек. Біріншден, бұл мемлекет қолға алып отырған үлкен шара. Екіншіден, бұл нысандардың барлығы бәсекелес ортаға өтіп, іскер адамдардың саны өседі. Экономика жеңілдеп, бюджетке қаражат түседі, — деді Назарбаев.
— Өте маңызды іс-шара әкімдермен бірге бұны қадағала, — деді мемлекет басшысы қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қарата.