24.06.2023, 16:30

«Бұл Ресейдің ішкі мәселесі»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Фото: akorda.kz
РФ президенті елдегі қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. 

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.