30.06.2023, 16:20

Президентке «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді

Фото: t.me/aqorda_resmi
Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған.

Мемлекет басшысына «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді, деп хабарлайды Ақорданың желідегі ресми парақшасы.

Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған.

Полицияның планшетіне маңайда жүрген «қауіпті» жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, «қауіп төндіретін топтармен», яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.

Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.

Бұдан бөлек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Есірткі қылмысымен күрес», «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды.