$ 441.66  475.14  4.86

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Сондай-ақ, «Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған құжатта.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген. Сондай-ақ, «Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары