03.07.2023, 17:00

Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады, - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.