Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкін тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Шәкір Кейкінұлы 1970 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-да коммерциялық бөлімінің брокері қызметінен бастаған. 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарған.
1999-2001 жылдары «РАМАКО» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары, 2001-2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС директоры, 2008-2008 жылдары Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болған.
Ал, 2008-2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, 2009-2018 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
2018-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, 2019 жылғы ақпан-қыркүйекте Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі болып тағайындалған.
Биылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.