$ 443.37  474.49  4.83

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты  жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары