Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәренбідегі Үкімет отырысында елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуды тапсырды, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».
— Қазақстанда жүз мыңдаған базарлар ұйымдастырылмаған. Ол жерлерде түрлі бассыздықтар орын алады. Біздің кәсіпкерлердің осы пайдалы істі өз қолдарына ала алмағандары ма? Жәрайды, енді жабық, ұйымдастырылған сауда орталықарын салу қажет, — деді Назарбаев.
Оның пікірінше, әкімдер, «дереу жер беріп, оларды еркін сауда аймағына кіргізіп, салықтан босатып, елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуға тиіс».