$ 498.34  519.72  4.85

Украина мәселесінде Қазақстан үнсіз қала алмайды — Елбасы

Қазақстанның маңызды әріптестерінің бірі болып табылатын Украина мәселесіне қатысты Қазақстан үнсіз қала алмайды. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

— Аталған елдің үкіметінің болжамы бойынша, жыл аяғына дейін ЖІӨ 6 пайызға құлдырайды. Ал, инфляция 20 пайызға өседі. Ұлттық валютасы да қатты құнсызданып кетуі мүмкін. Бұл жағдайлар бізді ойландырмай қоймайды және бұған біз мән бермей отыра алмаймыз, — деді Елбасы.

Президен атап өткендей, Украина ТМД еркін сауда аймағының бөлігі болып табылады. Бізді Украина халқымен шаруашылық та, адами да байланыстарымыз, сауда келісімдеріміз жақындастырады.

— Мұның барлығы қазақстандықтардың айтарлықтай жанашырлығын туғызады және ондағы қарапайым адамдардың басындағы ауыр жағдайлар үшін көңіл білдіреміз. Біз барлық тараптарды барынша келісімге келуге, әсіресе әйелдер мен балалардың қанын төкпей, ашық әйгіме негізінде ортақ шешім шығаруға шақырамыз. Мұнан басқа жолы жоқ деген ойдамын, — деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Президенттің айтуынша, осындай қиын жағдайда біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісім, тыныштық және қауіпсіздікті сақтау барлық меморгандардың, қоғамдық институттардың басты міндеті болуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары