14.07.2023, 09:20

Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.