$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметші өсемін десе, ар-ұятты, заңды ұмытуы керек – Олжас Әбішев (ВИДЕО)

15-20 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адам өзін басқа салада көре алмайды.

Егер мемлекеттік жұмыстағы қызметкер жұмысын жалғастырғысы келсе, қызметте өсемін, үстемеақы аламын, жұмысында ешқандай проблемалар болмасын десе - ар-ұяты мен заңды ұмытуы керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спикердің айтуынша, оның мемлекеттік қызметте жұмыс істегеніне 2 жыл болған. Оған дейін мұндай қызметте істеп көрмеген. 

Сол екі жылдың ішінде түйгенім, мемлекеттік қызметкердің ар-ұяты жоқ деп айтуға болмайды. Ар-ұяты бар, бірақ, егер қызметкер мемлекеттік жұмысты жалғастырғысы келсе, қызметте өсемін, үстемеақы аламын, ешқандай проблемалар болмасын десе - ар-ұят пен заңды ұмытуы керек. Бастық қалай айтса, сол орындалуы керек. Орындалмаса, ол адам жұмыста қала алмайды. 15-20 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адам өзін басқа салада көре алмайды. Ол өзін тек сол жұмыста ғана көреді. Сондықтан ондай адамдарда ішкі қорқыныш болады. «Ертең жұмыссыз қалып қоямын, отбасымды кім асырайды, қалай ақша табамын» деген сұрақтар көп болады. Бұл жерде ар-ұяттың сұрағы емес, күнкөрістің сұрағы, - деп түйіндеді Олжас Әбішев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары